Италияндық Replay компаниясы әлеуметтік желілерде көп отыратындарға арнап тігілген джинсыларды шығаруға дайындалып жатыр. "Social Denim" атты джинсы арқылы адамдар өздерінің орналасқан жері мен көңіл-күйлерін білдіре алады.
Бұл жүйе джинсыдың винильді қалтасында орналасқан шағын құрылғы арқылы жұмыс жасайды. Құрылғы Android немесе iOS операциондық жүйелеріне Bluetooth арқылы қосыла алады. Адам көңілін анықтау үшін арнайы анықтама қолданылады. Ал орналасу жерін анықтау үшін құрылғы орналасқан қалтаны бассаңыз жеткілікті. Одан соң барлық ақпарат смартфонға түседі.
Replay Social Denim атты джинсыды ерлер мен әйелдерге арналған екі түрде шығаруды жоспарлап отыр. Бағасы 150 мен 199 еуро аралығында болады деп күтілуде.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ru.publika.md