- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Renault Twizy жылдың...
Renault Twizy жылдың ең әдемі көлігі атанды
Renault Twizy «Red dot award: тауар дизайны-2012» сыйлығын жеңіп алды. Аталған сыйлық дизайн саласындағы әлемге кеңінен танымал сыяпат екендігін айтып өтелік.
30 адамнан құралған қазылар алқасы 4515 түрлі жобаны сынай келе, ең үздік деп осы Renault Twizy көлігін тауыпты. Бұл Renault компаниясының дизайн саласында ие болып отырған екінші сыйлығы екендігін де естеріңізге сала кетелік. Компания осыдан 9 жыл бұрын 2003 жылы Mеgane II көлігі үшін аталған сыйлықты алғаш рет қанжығасына байлаған еді.
Қазылар алқасы көліктің маневрлгі мен дизайнына тәнті болыпты. Сонымен қатар автоның эргономикасы да мамандардың көңілінен толығымен шыққан екен.
Renault Twizy-дің салоны
Осы орайда Renault Sport Technologies-тың дизайн-директоры Эрик Дьемер: "Twizy-дың концепциясы, дизайны мен функционалдығы red dot awards-та бағаланғанына шын қуаныштымыз. Біз арқашан адамдар үшін, халық үшін жұмыс істейміз. Осы себепті біз алдымен көліктің қарапайым болуына барынша күш салдық. Сонымен қатар, бұл жобамызда қала өмірінің бір образын жасағымыз келді", - деп сұхбат берді. Дьемер, сонымен қатар, бұл сыйлықтың компанияның «Халық үшін инновация» стратегиясы аясындаға жұмыстары үшін екпін болатындығын да айтты.
Red dot design awards сыйлығы 1955 жылдан бері беріліп келе жатыр. Осы уақытқа дейін бұл премия дизайн саласындағы сапа эталонына айналып үлгерді. Айта кетелік, 2011 жылы 70 мемлекеттен 14 000 жоба конкурсқа қатысуға ниет білдірген.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: tourdream.net, igor-krein.ru