Британдық Range Rover көлік концернінің инженерлері көлікті смартфонмен басқару құрылымын іске асырды. Енді автомобиль иесі көліктен қашықта тұрып-ақ, мобильді құрылығының көмегімен басқару мүмкіндігіне ие болмақ. Технологияның мұндай нұсқасы осыған дейін тек киноларда ғана мүмкін болатын.
Жаңа функция әзірге тек Range Rover Sport моделіне ғана бейімделген. Спорттық үлгідегі көліктің иесі өз смартфонына арнайы қосымшаны орнату арқылы көлікті жүргізе алады. Басқарудың толық функциясы смартфон қосымшасына енігізілген. Нақтырақ айтар болсақ, қозғалтқышты іске қосудан бастап, көлікті құлыптауға дейін девайстың еншісінде.
Инженерлердің айтуынша, әзірге алыс қашытықтан басқару мүмкіндігі жоқ. Range Rover Sport көлігін 3 метрге дейінгі аралықта жүргізуге болады. Сонымен қатар, ішінде жүргізуші болмайынша, жылдамдық сағатына 6,5 шақырымнан аспайды.
Инженерлерде инновациялық технологияның әзірге тест нұсқасы ғана бар. Ал оның жаппай қолданысқа берілу уақыты белгісіз.