- Негізгі бет
- Шолу
- Pulsar LED сағаттарымен...
Pulsar LED сағаттарымен танысу
Жарық диодты дисплеймен жабдықталған қол сағат Pulsar брендімен (бренд Hamilton компаниясына тәуелді болған) 1972 жылы 4 сәуірде шыққан екен.
Pulsar P1 моделі 18 каратты (асыл тастарды өлшейтін 0,2 грамдық салмақ өлшемі) алтыннан жасалатын қолсағат бар-жоғы 400 ғана данамен нарыққа таралды. Оның құны – 2000 АҚШ доллары болған. Қолсағаттың әрқайсы арнайы номермен шығарылыпты.
Тот баспайтын болат пен алтынның қосындысынан жасалатын бренд алғашқы кезде нарықта өз орнын айқындап та алған еді. Pulsar кейіннен Ричард Никсон, Джеральд Форд секілді президенттердің білегінен көрінді.
Ал кейін бренд Стэнли Кубриктың «2001 жылғы ғарыштық одиссея» («Космическая одиссея 2001 года») және «Қара киімділер 2» фильмдерінде де бас кейіпкерлер қолынан көрінген еді. Pulsar P2 және Р3 модельдері 15 мың АҚШ долларына бағалана бастаған кезде компания мол табысқа кенелді. Дәл осы Pulsar P2 қолсағаты «Өмір сүр де өлуге мүмкіндік бер» («Живи и дай умереть» 1973 жыл) атты фильмде Джеймс Бондтың қолындағы аңызға айналған Omega сағатын ығыстырған еді. | Роджер Мур Джеймс Бонд рөлінде |
Осыншалықты кереметтей жетістікке жетіп тұрса да компания уақыт көшімен ілесе алмады. Техника заманы бір орында тұрмай, бәрі де арзан әрі қызметі көп дүниеге ауысты. Ал жарық диодты сағаттар раритетке айнала бастады.
Көпшілік қауым швейцариялық механика қолсағаттарын дәстүрге айналдыры. Ал жаңашыл қауым сұйық кристаллдан жасалған сағаттарға көңіл аударды. Ал компания активтері Rhapsody Inc. Компаниясына сатылып кетті. Ал бұл компания 1979 жылы Seiko брендіне Pulsar деген логотипті сатып жіберді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru
А. Құлтай