100 ш /сағ жылдамдыққа бірнеше сәтте жететін бес жүз ат күші бар суперкарлар жайлы әңгіме қозғағанда, оның отын тұтыну көрсеткішінің жоғары екені, жағар-жанармайдың бағасы қымбат екені туралы әңгіме қозғаудың өзі орынсыз деп ойлаймыз. Бірақ, соңғы кездері суперкарлардың қатарынан "жасыл" үлгілер көптеп көрініп жатыр.
Өндірісі келесі жылдың соңында басталатын гибридті Porsche 918 Spyder Hybrid үлгісі "жасыл" суперкарлардың қатарына енбек. Екі жыл бұрын Женева қаласында ұйымдастырылған автокөрмеде бұл көлік туралы көптеген дау-сыбыстар айтылғанына қарамастан, Porsche сериялық өндіріске жіберілетін болады. Қозғалтқыш көлемі 4 литр болатын V8 бензиндік қозғалтқыштың күші 400 тең екен. Машинадағы барлық қуат жеті баспалдақты автоматты беріліс қорабы арқылы артқы дөңгелектерге беріліп отырады. Бұған қоса, алдыңғы дөңгелектерге 270 ат күшіне тең электрқозғалтқыш орнатылатын болады. Еуроодақтың талаптарына сай көлік қатал сынақтан өтіп, 100 шақырымға бар-жоғы 3,1 литр отын тұтыну көрсеткішіне ие болды.
Porsche 918 Spyder Hybrid-тің максималды жылдамдығы жайлы естісеңіз, орныңыздан құлап түсесіз! Сағатына 321 шақырым! Егер тек электрқоғалтқыштың күшін пайдаланатын болсақ, сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүре аласыз.
Бір зарядпен қанша шақырым жерді өтіп шығуға болатыны белгісіз. Қорыта келіп, бұл суперкардың бағасын айтып кетейік. Егер сіздің қалтаңызда 845 мың доллар артылып жатса, меншігіңізге мына көлікті сатып ала аласыз.
Суреттер:3dnews.ru