Google, Apple, Samsung сияқты компаниялардың биылғы жылы жасаған мәлімдемелеріне қарасақ, 2013 жыл - "ақылды" сағаттардың жылы болайын деп тұрған сияқты. Олардың қатарына енді Plastic Logic те кіріп отыр. Бірақ соңғысының өзгелерден айырмашылығы - ол өзінің жасап жатырған құрылғысын құпия сақтап отырған жоқ. Керісінше оны белсенді түрде көпшілікке көрсетіп әлек.
Компания жасап жатырған сағаттар рекордты қалыңдыққа ие болмақ: қазіргі үлгінің қалыңдығы бар болғаны 0,9 мм. Сағаттағы микросхемалар мен аккумулятордың да алатын орны үлкен емес. Қазіргі болжам бойынша, болашақтағы сағат сенсорлы түрде болмақ.
Сондай-ақ сағат майысқақ материалдан жасалынғандығы себепті, оны сындырып алу мейлінше қиын. Құрылғы смартфонмен Bluetooth арқылы байланыса отырып, экран бетіне смс мәтіні, қоңыраулардың тізімі және тағы басқа ақпараттарды шығарады. Одан бөлек "ақылды" сағат адам денсаулығының көрсеткіштерін де экран бетінен көрсетіп тұрады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com