Philips Xenium W8510 — қосымша қуатсыз 35 тәулікке дейін жұмыс жасайтын Android-смартфоны

Басқалар тек мықты процессормен жабдықталған алып смартфондарды жасау ісіне ғана көңіл бөліп жатқанда, Philips компаниясы қуатты батарея орналастырылған жаңа заманғы гаджеттерді жасау өндірісіне бет бұрған сияқты.  

Қазіргі кезде әлемдік нарықты жаулап алған  Android платформасында жасайтын смартфондардың қалыпты, тек тұрып-ақ өз қуатын сарқып тастайтыны әркімге де қолайсыз екені даусыз. Оның үстіне бұл операциондық жүйе смартфон өндірісінің әлемдік алпауыт компаниялары құрастырып шыққан әр гаджетіне тән.  Осы тұста пайда болған жаңа Philips  Xenium W8510 құрылғысы бәсекеге қабілетті және таптырмас байланыс құралына айналатындай мүмкіндікке ие. Оның батареясының көлемі 3300 мА/сағ құрайды. Сондай-ақ оны дұрыстап баптауларын жасаса, смартфон күту режимінде 35 күнге дейін қосымша қуатсыз қызмет атқара алады.  Бұл смартфондар арасында нағыз төңкеріс әкелетін бастама екені анық. Одан бөлек, құрылғы тағы да басқа бірнеше артықшылықтарға ие болып отыр. Олардың ішінде жаңа қуатты процессоры мен оның үлкен экранын айтсақ болады. Бұлардың барлығы да жаңа Philips смартфонынан орын алған.

Гаджетті басқа бәсекелестерінен (үлкен батареялы телефондары бар) ерекшелейтін оның дисплейінің диагоналі болып отыр. Ол 4,7 дюймды құрайды. Дисплей IPS технологиясымен жасалынған. Сондықтан көру бұрышының мүмкіндіктері де орасан. Соған сәйкес, ондағы суреттердің де сапасы аса жоғары. 1280 де 720 пиксельді HD форматы ондағы видеолар мен картиналарға да қанық түс пен сапа беретіні анық. Ал осы тұста батарея қуатының көлемін ескерсек, онда сіз жоғары сапалы видео немесе сурет көріп отырып смартфон батареясы отырып қалмайтынына сенімді боласыз.

Енді гаджетке қойылған процессор жөнінде айтсақ. Philips  Xenium W8510 жиілігі 1,2 гигагерцті құрайтын MediaTek MT6589 процессорымен жұмыс жасайды. Процессордың жұмыс жасау принциптеріне үңілер болсақ, онда аталған процессор энергияны ең көп қолданатындардың қатарында. Алайда соған қарамастан смартфон батареясы дәл осы MediaTek MT6589-бен 35 күнге дейін күту режимінде жұмыс жасай алатыны оның бәсекелестері үшін нағыз күтпеген жаңалық. Оның үстіне смартфон мейлі ауыр қосымшалар болсын, мейлі жоғары сапалы видеолар немесе ойындар болсын ол өз мүмкіндігін толық дәлелдеп шықты.   

Смартфондар шығару ісінде тәжірибесінің аздығына қарамастан Philips жаңа құрылғысына артықшылық беретін бірнеше қызмет түрлерін жетілдірген. Соның тағы бір дәлелі оның  металдан жасалынған корпусы болып отыр. Осының арқасында телефон иесіне  бірнеше айлап, тіптен жылдап тұрақты қызмет ете алады. Ал Philips компаниясынан шыққан кез-келген өнімнің сапасы тұрмыста әлдеқашан дәлелденіп қойған. Сондай-ақ онда орналасқан 8 мегапиксельді камерасын да айта кетуіміз керек. Әрине суреттердің сапасы тым жоғары болмаса да, естелікке қалдыратын фотолар жасауға әбден болады.

Сонымен Philips Xenium W8510 Android-смартфоны Bluetooth және Wi-Fi сымсыз адаптерлерінен ажыратылған күйінде 35 сағатқа дейін жұмыс жасай алады. Ал 3G желісіндегі сөйлесу кезінде ол иесіне 18 сағат бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Тек қана Wi-Fi сымсыз желісімен оның жұмыс уақыты 14 сағатқа жалғасады.

Смартфонның басқа да мінездемелері жөнінде әзірге толық ақпарат пайда болған жоқ. Сондай-ақ оның қашан және қандай бағамен сатылымға шығатыны да белгісіз болып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mapitom.ru