Peugeot сығылған ауамен жұмыс жасайтын гибридті қозғалтқышын таныстырды

Француздық автоөндіруші Peugeot Citroen бензин және сығылған ауамен жұмыс жасайтын гибридті қозғалтқышы бар жаңа көлігін ұсынды. Осындай қозғалтқышпен жабдықталған автокөлік үш түрлі режимде, яғни жанармай, сығылған ауа немесе жанармай және сығылған ауаны ғана пайдаланып, жұмыс жасай алады.     


Компания өкілдерінің сөзінше, осындай модельдегі алғашқы көлік 2016 жылы нарық базарына шықпақ. Жалпы гибридті технология бензинді екі есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал қала ішінде бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды. Осыған байланысты, аталған технология арқасында атмосфераға тарайтын көмірқышқыл газының мөлшері де біршама азаятын болады.

Көліктегі сығылған ауа негізінен қала ішіндегі қозғалыс кезінде пайдаланылатын болады. Бұл режим көлік жылдамдығы сағатына 70 шақырымды тіркегенде, автоматты түрде іске қосылатын болады.      

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com