PayPal — әлемдегі ең беделді электронды төлем жүйесі. Онлайн банкинг ақша аударымдары мен онлайн сатып алу қызметтерінде пайдаланылады. Paypal жүйесін америкалық кәсіпкер Питер Тиль мен канадалық инженер Элон Маск құрастырған. Ал 2002 жылдан бері eBay корпорациясы дербес төлем жүйесіне иелік етеді.
PayPal әлемнің 190 елінде қолданылады. Аталған тізімде Қазақстан да бар. Қазіргі таңда жүйеге тіркелгендер саны 164 миллионнан асқан. Ал қызметтің негізгі бағыттары 24 түрлі валютада жүргізіледі.
PayPal төлем жүйесі қауіпсіз аударымдарды жасауға негізделген. Бүгінге дейін ешбір төлем немесе ақша аударымына қатысты шағым түспеген. Бұл сатушыға да, сатып алушыға да тиімді.
Аталған жүйе арқылы қаржы операцияларын жасау үшін алдымен оның ресми сайтына жеке банктік картамен тіркелу керек. Қазақстанда мына банктердің несие немесе қолданушы картасын онлайн төлем жүйесіне тіркеуге болады:
— Халық Банк (Viza Electron немесе Viza Virtuon)
— КазкоммерцБанк (мультивалюталы карта)
— БТА Банк
— Альянс Банк
— АТФ Банк
— Сбербанк
2012 жылдың наурыз айында PayPal өзінің жаңа мобильді қосымшасын іске қосты. PayPal Here атауына ие болған қосымшаны смартфонға орнатып, дүкендерде төлем жұмыстарын жүзеге асыруға болады. Мобильді қосымша iOS пен Android операциялық жүйелеріне бейімделген.