Oppo компаниясы ақыры көпшілік күткен Oppo Find 7 смартфонын таныстырды. Алдын-ала болжанғандай, жаңа өнім екі нұсқада жарыққа шықты - 1920х1080 және 2560х1440 мүмкіндіктегі дисплейлі. Алайда екі модельдің дисплей өлшемдері бірдей - 5,5 дюймды. Ал экрандары Gorilla Glass 3 және Super Screen 2.0 технологиялары көмегімен қорғалған.
Үздік моделі 2,5 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын Qualcomm Snapdragon 801 процессорымен (айта кетейік, дәл осы процессор Samsung Galaxy S5 телефонына да орнатылған) жабдықталған. Оперативті жады 3 ГБ құраса, флеш-жадының көлемі 32 ГБ болады. Оны microSD картасы көмегімен ұлғайтуға да мүмкіндік бар.
Смартфон 4K-видео түсіріп, сондай-ақ ол секундына мүмкіндігі 720p және жиілігі 120 кадрды жазуға арналған Sony IMX21413 сенсоры бар 13 мегапиксельді негізгі камерамен жабдықталған. Одан бөлек, камера 10 фотосуретті 50 мегапиксельді тұтас кескінге құрастыруға мүмкіндік береді. Ал фронтальды камераның сапасы 5 Мп құрайды. Аккумулятор сыйымдылығы 3000 мА/сағ.
Ал экран мүмкіндігі төмендеу нұсқасына келер болсақ, ол 2,3 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын төртядролы Snapdragon 801 процессоры көмегімен қызмет атқарады. Оперативті жад көлемі 1 ГБ болса, флеш-жады жоғарыдағы нұсқасына қарағанда екі есе аз көлемді құрайды. Аккумулятор сыйымдылығы да төменірек – 2800 мА/сағ.
Oppo Find 7 смартфонының екі нұсқасы да 30 минуттың ішінде аккумуляторды 75 пайызға қуаттай алатын VOOC жаңа технологиясын қолданады.
Oppo Find 7 смартфонының fullHD нұсқасының бағасы орташа есеппен 485 $ құраса, ал 4K нұсқасы 565 $ тұрады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: 3DNews.ru