Omate компаниясы Android операциондық жүйесі арқылы жұмыс жасайтын TrueSmart "ақылды" сағатын жасап шықты. Оның бір артықшылығы ол смартфонсыз-ақ жұмыс жасай алады.
Omate TrueSmart сағаты 1,3 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын екі ядролы MediaTek процессоры көмегімен басқарылады. Құрылғының оперативті жады 512 МБ болса, ал онда орнатылған 240х240 пиксельді түрлі-түсті сенсорлы дисплейінің өлшемі 1,5 дюйм.
Гаджет сондай-ақ камера, GPS-қабылдағыш, 4 ГБ флеш-жад және де 32 ГБ дейін ұлғайтуға болатын microSD картасына арналған орынмен жабдықталған. Одан бөлек Omate TrueSmart сағатында 2G/3G желілерінде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін MicroSIM картасына да орын табылған.
Құрылғы Android 4.2.2 операциондық жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Сондай-ақ оның корпусы IP67 стандартымен жасалып, ылғал мен шаң-тозаңнан сақтануға мүмкіндік береді.
Сонымен Omate TrueSmart "ақылды" сағаттары осы жазда сатылымға шығады деп күтіліп отыр. Әзірге оның бағасы жөнінде ешқандай ақпарат жоқ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: