Nokia-ның тағы бір үлгісі

Барселонада өтіп жатқан MWC 2012 техно көрмесінде Nokia компаниясының  Series 40 платформасында жұмыс істейтін үш бірдей су жаңа  ұялы телефон үлгісі халық назарына ұсынылды.

Asha үлгілері қатарында: Asha 202, 203 және 302 үлгілері бар. Asha 202 мен 203 үлгілерін егіз десек те болады, бірақ 202-де қосымша SIM-картаға арналған ұяшық қарастырылған. Телефондардың техникалық сипаттамалар тізімінде: шешуі QVGA (320х240 нүкте) 2,4 дюймдік сенсорлы дисплей, 2-Мп камера, ақпарат алмасуға арналған сымсыз Bluetooth радиомодулі мен FM-радио бар. MicroSD жады карталарына арналған ұяшық та бар.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rGy5TKMZMAk?version=3&hl=ru_RU&allowFullScreen=1","width":"450","height":"335"});

 
Құрылғыларға Nokia Browser атты браузер орнатылған. Бұған қоса Asha 202 немесе 203 үлгісін сатып алған қолданушы қосымша бонус ретінде 60 күннің ішінде EA компаниясының 40 ойнын телефонына тегін жүктей алады. Nokia Market интернет-дүкенде олардың бағасы 75 еуро шамасында. Салыстыру үшін сізге бір қызық айтайын. Үлгілердің бағасы 60 еуро. Үлгілер диллерлерге сатылымға бірнеше аптадан кейін таратылады.

 

QWERTY пернетақтасы бар  Asha 302 үлгінің бағасы алдыңғы екі телефоннан әлдеқайда қымбат. Бұл үлгіні дүкендерден 95 еуроға сатып ала аласыз. Құрылғының техникалық сипаттамасына көз жүгіртіп өтсек. Сенсорлы 2,4 дюймдік QVGA дисплей,  1-ГГц процессор, 3,2-Мп камера, сымсыз Wi-Fi 803.11b/g/n радиомодулі, RDS функциясы бар FM-радио, құлақшындарға арналған 3,5-мм аудиотіркеуіш пен 32Гб-қа дейін MicroSD  жады карталарын орнатуға болатын ұяшық бұл телефонды бәсекелестерінен әлдеқайда алға қояды. HSDPA желілерінде құрылғы ақпаратты 14,4 Мбит/с жылдамдықпен таратып, қабылдай алады.

Құрылғының өлшемдері 115,2х58,9х13,5 мм тең болса, салмағы 106 г. Бір айта кететіні, Series 40 платформа негізінде құрастырылған үлгі Microsoft Mail for Exchange функциясын толыққанды қолдайды. Бұл функция 303 үлгісіне де орнатылатын болады. Ал Asha 302 үлгісін қазір-ақ сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/bPfC1sMbFz4?version=3&hl=ru_RU&allowFullScreen=1","width":"450","height":"335"});

 

Сурет 3dnews.ru

Форумда талқылау