Nokia Lumia 625 смартфоны ресми таныстырылды

Финдік Nokia компаниясы Nokia Lumia 625 смартфонын ресми түрде таныстырды. Бұл гаджет те осы сериядағы басқа құрылғылар сияқты Windows Phone 8 операциондық жүйесімен жұмыс жасайды. 

Nokia Lumia 625 мүмкіндігі 800х480 пиксель болатын 4,7-дюймды дисплеймен жабдықталған. Онда Snapdragon S4 екі ядролы процессоры және 512 МБ оперативті жад орналасқан. Ал флеш-жады 8 ГБ құрайды, оны 34 ГБ дейін ұлғайтуға арналған microSD картасына да орын табылады.  

Жаңа смартфон фронтальды VGA-камерамен жабдықталса, ал құрылғының артқы жағында орналасқан камерасы 5 МП құрайды. Nokia Lumia 625 Bluetooth 4.0+ LE және Wi-Fi 802.11 b/g/n сымсыз технологияларын да қатар қолдай алады. Сондай-ақ A-GPS қабылдағышы да бар. 

Nokia Lumia 625 биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап сатылымға шығады деп жоспарланған. Құрылғының бағасы Еуропа елдерінде 220 еуроны құрамақ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: conversations.nokia.com