Nismo жасақтаған Nissan GT-R "Вейроннан" да жылдамдырақ болмақ

Nismo жасақтаған Nissan GT-R "Вейроннан" да жылдамдырақ болмақ

Nismo компаниясы дайындап шыққан Nissan GT-R суперкарының одан сайын жетілдірілген нұсқасы сағатына нөлден 96 шақырымға дейін небәрі екі секунд ішінде қарқындай алады, деп хабарлайды Auto Express басылымы. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 1200 ат күші бар Bugatti Veyron Super Sport «жүздікті» 2,5 секундта бағындырады, ал қарапайым GT-R 2,7 секундта.

Жаңа көлік Williams Advanced Engineering-пен (Формулы-1 Williams бөлімшесі) командасының бірге жасалатын болады. Суперкар салмағы жағынан жеңілдей түсіп, қазіргі 500 ат күші бар және екі турбиналық V6 бензинді қозғалтқышының күшейтілген нұсқасына, басқа шығару жүйесіне, сонымен қатар аэродинамикалық обвестің қосымша элементтері мен карбон әшекейлеріне ие болады.

Nissan GT-R-дің жетілдірілген нұсқасы ағымдағы жылдың қараша айында Токиода өтетін моторшоуда таныстырылатын болады.

Қазіргі таңда Nismo ательесі екі моделді шығаруда. Оның бірі Juke кроссовері болса, енді бірі 370Z купесі. Аталған көліктердің көршілес Ресей елінде де сатылады екен. Дилерлер мұндай көлікті 1 миллион 193 мың рубльға бағалап отырған көрінеді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: wroom.ru

Ж. FM