Nikon Coolpix S9300 фотоаппаратына шолу

Nikon Coolpix S9300 фотоаппаратына шолу

Данияр Сәкенов фотоаппаратты қалай таңдау керектігі туралы айтып жатқанда, біз сапалы фотоаппараттарға шолу жасап отырайық. 

Сіз бен біздің назарымызда - Nikon Coolpix S9300 фотоаппараты.

Фотоаппараттың 16 мегапиксельді камерасы суретті сапалы қылып түсіреді. Nikkor объективі 18х зумға дейін жұмыс істеп, алыс объектіні жақындата аласыз. 

Егер оқиғаны секунд сайын түсіргіңіз келсе, жоғары жылдамдықтағы сериялық түсірілімді қолдана аласыз. Ол бір секундта 6 кадр жасай алатын мүмкіндікке ие. 

Бұдан бөлек, Nikon Coolpix S9300 фотоаппараты бейнебаянға да жақсы түсіреді. Бейнебаян режимінде оптикалық зум да, автофокусталу да жұмыс жасайды.

Nikon Coolpix S9300 фотоаппаратында бәрі жан-жақты ойластырылған. Портретке түсіру сияқты ең қиын түсірілімдер бұл фотоаппарат үшін оңай. 17 сюжетті режимі түрлі жағдайларда суретке түсіруге мүмкіндік береді. Интеллектуалды портрет жүйесі әдемі портреттер түсіре алады. Күлу таймері автоматты түрде жымиып тұрған бетті түсіре алады. 

Ішкі жады 26MB-тан басталады. 3D фотосуреттер түсіру мүмкіндігі бар.

Кадрларды өңдеу мәзірі суретіңіздің барынша шынайы шығуын қадағалайды. Бұл қосымшада эффектер мен фильтрлердің бірнеше түрі бар. "Таңдалған түс" суретті бір түске бояуға көмектеседі. 

Nikon Coolpix S9300 фотокамерасының үш түрі бар: қарасы, қызылы, күміс түстісі. Бағасы 350 АҚШ долларының төңірегінде.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Р. Роза