Біз сіздерге осыдан біраз уақыт бұрын Марс ғаламшарының бетін зерттеумен айналысып жүрген Curiosity марсоходының кезекті сапары кезінде таңғажайып нәрсе тауып алғандығы жөнінде жазған болатынбыз. Бірақ сол кезде NASA мамандары ресми қорытындыны кейін жариялайтынын айтқан еді.
Сонымен, алдағы дүйсенбі, 3 желтоқсан күні Сан-Францискода NASA ғалымдары марсоходтың зерттеу жұмысы жөнінде арнайы баспасөз-конференциясын өткізетінін хабарлап отыр. "Біз конференция барысында аппараттың Қызыл ғаламшары бетінде жасаған жұмыстарының қорытындысын жариялаймыз" делінген агенттік сайтында.
Осыған дейін шетел БАҚ-тары Curiosity марсоходы Қызыл планета бетінен органикалық молекула тауып алғандығы жөнінде жазған болатын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: loveopium.ru