NOKIA компаниясы HTC компаниясының үстінен арыз берді

NOKIA компаниясы HTC компаниясының үстінен арыз берді

Сағат сайын, сәт сайын даму үстіндегі техникалық жаңалықтар осы саладағы әрбір компанияға дау тудырар жіп ұшына айналды. Техниканың дамуы аты әлемге әйгілі біраз компанияларды жер қаптырды. Біз бұдан бұрын да әлемнің ең ірі компанияларының қатарына жататын iPhone мен Samsung компаниялары арасындағы бітпес дау туралы жазғанбыз. Күнделікті тұрмысымыздың бір бөлшегіне айналып кеткен Nokia телефонының өндірушілері тағы бір дау-дамайға ерік берді. 

Соңғы кезде Nokia компаниясы барынша құлдырауға бет алып бара жатқанымен, ол бұрынғыдай-ақ ең күшті патент абзалдығына ие. Ол жаратқан жаңалықтар телефон кәсібі саласында әлі де өз құнын жоя қойған жоқ. Олардың жақында ғана жарыққа шыққан Lumia маркасы тұтынушылардың жоғары бағасына ие болуы мүмкін.

Жақында Nokia компаниясы Америка сотына бір парша арыз хат ұсынған. Арыздың негізгі мазмұнында, HTC компаниясы Nokia компаниясының 32 түрлі техникалық жаңалығын пайдаланды, бұл патент ұқығына қол сұғу делінген. Nokia компаниясының талабы бойынша бұл сот төрт түрге бөлініп ашылады және бұл арыз жалпы 21 қарашадан бастап бір жылға созылуы мүмкін.

Бірінші сот, 21 қарашада Мюнхен жергілікті сотында екі жақ тұңғыш рет сотқа шығады. Бұл сот EP1322072 типті жылжымалы хабарласу программасы төңірегінде болады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: gagadget.com

Қ. Қауымбек