"NISSAN" автокөлігінің үстінен Америка тұрғындары шағым айтқан. Жалпы 86 мың көліктің үстінен түскен арыз көлік ақаусыздығын тексеруге мәжбүрлеген.
«Жер шары» торабының хабарына сенсек, Американың Калифорния штатының тұтынушылары 2005 - 2010 жылдар аралығында өндірген «Nissan pickup» және «Nissan SUV» автокөлігінің жылдамдық ауыстыру сандығында (коробка передач) ақау бар-жоқтығын тексеру керектігін талап еткен. Америка қатынас-жол қауіпсіздік тексеру кеңсесі 857432 автокөлікке тексеру жүргізетіндігін жариялады.
Дайындаған: Алшын Матай
сурет:krgavto.com