NASA-ның "ұшатын тәрелке" сынағы сәтті өтті

Өзге ғаламдық келгінділердің домалақ ұшатын дисктеріне ұқсайтын Low-Density Supersonic Decelerator (LDSD) аппараты АҚШ-тың Гавай штатындағы Кауаи аралында сәтті сынақтан өткізілді. Аппарат 36 метрлік әуе шарының көмегімен көкке ұшырылды.

АҚШ-тың Аэронавтика және Ғарыштық Кеңістікті Зерттеу Ұлттық Орталығы (NASA) зымыранды Марсқа сәтті қондыруды жетілдіру үшін Жер атмосферасында ұшатын тәрелкенің тәжірибелік сынағын өткізді.

Масштабты тәжірибелік сынақ ауа-райының қолайсыздығынан бірнеше рет қалдырылған болатын. Жоғрарыға көтерілген соң, үлкен жылдамдықпен сынақ аралын аналып шығып, Іште қондырылған парашюттің көмегімен Тынық мұхитына қонды. Ассошиэйтед Пресс хабарлауынша, аталған жобаны іске асыруға 150 миллион АҚШ доллары жұмсалыпты.

Арнайы айта кеткен жөн, Марстың атмосферасы Жердің тропосфера қабатына өте ұқсас болғандықтан, ұшатын аппарат сол қабатта сынақтан өткен. NASA  агенттігінің осы жобаны ұйымдастырудағы негізгі мақсаты, Қызыл ғаламшарға АҚШ астронавтарын жеткізу. Ғарышты игеру кезінде АҚШ пен КСРО ғарыш агенттіктерінің Айға бағытталған жобалары жарысқаны тарихтан белгілі. Енді басты нысана Марс ғаламшары болғандықтан, Ресей де оған бейкөз қарап отырған жоқ. Нақтылап өтсек, Ресейдің Марс жобасы аясында алғашқы сынақтары 2009 жылы басталған болатын. Енді қай елдің ғарышкері бірінші болып Көрші ғаламшарға қадам басарын уақыт көрсетеді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.nasa.gov