NASA агенттігі Fusion Media Group компаниясы және Массачусетс технологиялық институтының AeroAstro зертханасымен бірлесе отырып, Mars 2030 аталатын VR-симуляторын жасады. Бұл құрылғы NASA 12-15 жылдан кейін ұйымдастырғалы отырғын экскурсияның қандай болатынын визуалды көрсете алады.
Симулятор ғаламшарының 39 шаршы метр жерінде виртуалды серуендеп, Марс жолдарын, станциялар мен күн батареяларын көруге мүмкіндік тудырады. Виртуалды саяхатта көрсетілетін Марс ландшафтары Curiosity және Mars Reconnaissance Orbiter аппараттарына түсірілген фотосуреттер бойынша жасалған.
Mars 2030 ешқандай сюжеттік желіге бағынбайды және қолданушының алдына еш талап қоймайды. Адам емін-еркін саяхат жасап, Марс ғаламшарындағы қалаған жеріне бара алады.
Симулятордағы ерекше нәрсе – дыбыс. Ол Марстағы атмосфералық қысымға сай жасалған. Оған қосымша Лондон симфониялық оркестрінің орындауындағы әуендер де қосылып тұрады.