NASA Күнді зерттеу мақсатында обсерваториясын ұшырды

Бүгін таңертең Калифорнияның Вандерберг әуебазасынан Күнді зерттеуге арналған бортында IRIS обсерваториясы бар «Пегас XL» зымыран тасығышы ұшырылды. Күн атмосферасындағы процесстерді бақылауға арналған жер серігі есептелген орбитаға сәтті шығарылды, деп хабарлайды NASA баспасөзі. 

Екі жыл белсенді жұмыс жасауға арналған IRIS аппараты алғашқы айларда сынақтан өтетін болады, одан соң барып қана ғалымдар өз жұмыстарына кірісе бастайды. Бортта орнатылған 20-сантиметрлік айнасы бар ультракүлгін телескоп жаңа спектрограф пен камера осыған дейін белгісіз боп келген Күн атмосферасы жөнінде ақпараттар алуға септігі тиеді деген сенім бар. Жер серігі фотосфера, хромосфера және өтпелі қабаттарды зерттейді деп күтілуде. 

Өтпелі қабат күн атмосферасының ең жоғары және күн тәжін хромосферадан бөліп тұратын қабат саналады. Дәл осы қабатта күндегі барлық жұмбақ процесстер орын алады. Ғалымдар зарядталған бөлшектер де, күннен шыққан магниттік құбылыстардың барлығы да аталған қабатта орын алады дегенді айтып отыр. 

Жаңа құрылғы Күн бетіндегі детальдарды 240 шақырым дәлдікпен көрсететін болады. Сондықтан да зерттеушілер оның дәлдігін микроскоппен салыстырып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 13plus.kz