NASA Әуеде ұшу және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы ғарышта операциялар жүргізу үшін ақпарат тасымалдаушы ретінде Xerox Premium Never Tear қағазын таңдады. Бұл туралы bnews.kz Алматыдағы Xerox Central Asia баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Арнайы полиэстер пленкасынан жасалған жоғары технологиялық өте төзімді синтетикалық қағаз күшті сынақтарға төзіп, жер бетінде, су астында және Халықаралық ғарыш стансасында қолданылады. Premium Never Tear қағазына басылған анықтама материалдары ғарышкерлерге ашық ғарышқа шығу кезінде де көмектеседі. Онда Хьюстондағы (Техас) NASA ұшуды басқару орталығында кестелер, графиктер мен құжаттар басып шығарылады. Сол жерде арайы жаттығу бассейні орналасқан, онда ғарышкерлер нөлдік гравитация жағдайында әрекет етіп, осы қағазды су астында оқу ақпаратын тасымалдаушы ретінде қолданады. Зымырандарды ұшыруға арналған мәре алаңында Premium Never Tear сызбалар, басшылықтар мен нұсқаулықтар басып шығару үшін қолданылады.
«Xerox компаниясы бірегей өнімді – ылғалға, қатты желге, майға, кірге және температура ауытқуларына өте төзімді қағазды әзірлеп шығарды. Ғарыш кеңістігінде жұмыс жасайтын NASA ғарышкерлерінің қызметі қоршаған ортаның күрделі жағдайларымен тікелей байланысты, сондықтан өте төзімді Xerox қағазын пайдалану ұйым үшін оңтайлы шешім болып отыр», - делінген таратылған хабарламада.
Premium Never Tear ХҒС-та ашық ғарышта жұмыс жасау кезінде борттық құжаттар мен нұсқаулықтар үшін пайдаланылады.
«Енді ғарышкерлер анықтама құжаттары жыртылып қалады немесе температураның ауытқуынан, ылғалдан, не физикалық әсерден бүлініп қалады деп қорықпай, өздерінің негізгі міндеттерін орындауға мүмкіндік алды. Xerox Premium Never Tear қағазы ламинаттауды қажет етпейді, және құжатты жаңасын басып шығарған сияқты, жылдап толықтыруға мүмкіндік береді, бұл шығындау материалдарының қатаң шектеулі саны жағдайында таптырмайтын материал болып табылады», - дейді Xerox Central Asia баспасөз қызметі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: gazeta.lv