Motorola мобильді нарыққа қайтып оралады

Ағымдағы жылдың басында ғаламтор алыбы Google өзіне тиесілі болған Motorola брендін Қытайдың Lenovo компаниясына сатып жіберген еді. Сәйкесінше аталған брендтің патенттері де қытайлық IBM-нің басқаруына өткен. Сол кезде көптеген техно сыншылары Motorola жаңа өнімдерінің енді нарықта шықпайтынын айтқан болатын. Дегенмен, көптен аты шықпаған бренд нарықтағы беделін қайта көтеруді жоспарлаған.

Lenovo инсайдерлерінің хабарлауынша, Motorola өнімдері келесі жылдың басында таныстырылады. Жаңа гаджеттердің қатарында смарт-сағат, 6-дюймді фаблет және Moto X флагманының орнын басатын жаңа смартфон болады.

Ал гаджеттердің техникалық мінездемелері мен шығу мерзімі әзірге анық емес. Дегенмен, ресми емес ақпараттарға сүйенсек, 2015 жылдың ақпан айында таныстырылатын болады.

Сурет: wonderfulengineering.com