Minibeam Nano — LG ұсынған мини-проектор

Minibeam Nano — LG ұсынған мини-проектор
Фото: thenextweb.com

LG компаниясы күнделікті қолдануға ұтымды әрі тасымалдауға ыңғайлы проектор құрастырды. Ресми ақпаратқа орай, оңтүстіккореялық инженерлердің жаңа өнімі Minibeam Nano атауына ие болған.

PV150G нөмірімен тіркелген модель небәрі 270 грамм салмаққа ие. Жаңа гаджет ресми таныстырудан кейін әлемдегі ең мини-проектор атанып отыр. Бір толған қуаты үздіксіз 2 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Айта кетсек, проекторды кез келген техникалық құрылғыға HDMI немесе USB арқылы, сондай-ақ, Wi-Fi Direct және Miracast модульдерінің көмегімен сымсыз жалғауға болады. Гаджеттің жарық беру мүмкіндігі 100 ANSI люменге тең.

Minibeam Nano әртүрлі функциялармен қамданған. Айта кетсек, корпустағы қосалқы динамиканың көмегімен музыка тыңдауға болады. Одан бөлек,голографиялық экранның шекті мүмкіндігі 200 сантиметрді құрайды. Ал қуат жинақтау шамасы сағатына 3800 миллиамперге тең.

Инновациялық өнім маусым айының соңына қарай жаппай сатылымға шығарылмақ. Гаджеттің бағасы әр елдің нарығына байланысты өзгеретін болады.

Ж. Өрісбай