Mini Сooper "амфибияға" айналып шыға келді...

Британдық кішкене көлемді Mini маркасы өзінің Сooper атты кабриолетін моторлы қайыққа айналдырды.    

Бұл жобаның авторы Mini-дің американдық бөлімшесі екен. Қазіргі таңда автокөлік-катері Чарльз өзенінің құтқарушыларына қызмет етуде.

 

Құрастырушы компания басында Mini көлігінің өлшемін алып, одан соң терезе талшықтарынан қаңқасын жасап, оны кішкене қайықтың үстіне орналастырған екен. Үстіңгі бетіне Cooper кабриолетінің бөлшектерін оның ішінде: артқы және алдыңғы фарларын, радиатор торын, дөңгелек дисктерін, рульді орналастырған.

Одан бөлек, Mini-қайығы алты аттың күші бар қозғалтқышпен жабдықталған. 

Mini-ден бөлек мұндай көлік түрлерін құрастыру жұмыстарымен басқа да компаниялар айналысып келеді. Оған мысал, немістің EDAG фирмасы. EDAG қайық-машиналарды құтқару қызметіне арнап шығарады. 2009 жылы осындай бір көлік түрі көпшілік назарына ұсынылған еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: blogs.cars.com