Microsoft корпорациясының атқарушы директоры Сатья Наделла Windows бағдарламаларын қолданушылар саны тағы да артқанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа орай, тұтынушылар саны Windows 10 ресми түрде таныстырылғаннан кейін арта түскенін көрсетіп отыр.
Windows 8 платформасында алынып тасталған «Бастау» (Пуск) батырмасына қатысты туған түсініспеушілік Windows қолданушыларының азаюына алып келген болатын. Енді аталған функция қайта қондырылып, тіпті Windows Phone 8.1 мобильді қосымшасында да қолжетімді болып отыр. Одан бөлек, Cortana дауыс қосымшасы да мобильді гаджеттерге бейімделген.
Корпорация сарапшылары әлеуметтік желілер мен форумдарға талдау жасап, жаңартылған оперативті жүйенің тұтынушылардың қанша пайызына ұнағанын анықтады. Нәтижеде аталған өнімге қолданушылардың 92%-ы өздерінің оң бағасын бергені белгілі болып отыр. Одан бөлек, ғаламторда Windows 10 платформасына деген оң пікірдің көп болғаны анықталған.
Жалпы тұғыдан айтқанда, Microsoft өнімін тұтынушылардың алғашқы толқыны платформаның өзгеріссіз дамығанын қалайды. Дегенмен келесі толқын пікірлерінің жағымды боларына ешкім кепіл бола алмайды.