Microsoft корпарациясы өзінің Xiaoice чат ботын жаңалады. Енді ол сұқбаттастың сұрақтарына жауап беруден бөлек, сұқбатты жалғастыра да алады. Xiaoice чат боты адамның сөзін бөліп, кейін тоқтаған жерден қайтадан жалғастыра алатын алгоритммен бағдарламаланған. Жасанды сананың жаңа ұрпағы өзімен диалогтағы адамның не демекші екенін алдын ала біліп, сұқбатқа тәуелсіз түрде кірісіп кете алады. Мамандардың пікірінше, Xiaoice пайдаланушылар үшін көңілді, мейрімді дос бола алады екен. Бірақ, жасанды сананың жаңа түрімен тек қытай тілімен сөйлесе аласыз. Алдағы уақытта Microsoft аталған технологияны басқа да чат боттарға, Американың Ро, Жапонияның Ринна боттарына қолданып көруі жоспарланып жатыр.