Microsoft компаниясы 5,44 миллиард евроға смартфон жасаумен айналысатын Nokia-ның Devices&Services бөлімшесін толықтай сатып алды, деп хабарлайды Nokia мен Microsoft компанияларының ресми сайты.
Келісімге сәйкес, Nokia ұялы телефондар мен смартқұрылғыларды жасап шығару бизнесінен тұратын бөлімшені толықтай сатады. Microsoft-тың иелігіне сонымен қатар, операциондық іспен, сатумен және маркетинг, дизайнмен жұмыс істейтін бөлімшелер де өтеді.
Айта кетсек, Nokia компаниясы смартфон сату бойынша Microsoft-тың басты серіктестерінің бірі болып келді. Оның өнімі смартфон нарығының 80 пайызын алып отырған. Соған қарамастан, 2013 жылдың екінші маусымның қорытындысы бойынша, Microsoft компаниясы смартфондарының әлемдегі барлық "ақылды телефондар" арасындағы үлесі 3,7 пайызды құраған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mobiset.ru