Mercedes-Benz компаниясы "Теңіздің күміс жебесі" деп аталатын 14 метрлік ғажап яхта жасап шығарды. Кеме жасаумен айналысатын британдық Silver Arrow Marin фирмасының жаңа яхтасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Монакода өтетін яхт-шоуда ресми түрде таныстырылатын болады.
Әзірге яхта жайлы толық мәлімет аз. "Мерседес" бар болғаны жаңа яхтаның күндізгі серуенге де, көпкүндік регатаға (кемелер жарысы) да жарайтынын ғана мәлімдеген.
Яхтаның тұрақтайтын жері Черногория порты болмақ. Дәл сол жерде Silver Arrow Marine компаниясы кеменің құрылысымен айналысады.
writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/nOt9DLBjzHo?version=3&hl=ru_RU","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: motor.ru