Mercedes-Benz жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады

Соңғы кездері жүргізушісіз қозғалатын көліктерге қызығушылық күшейе бастады. Дегенмен инновациялық технологияны жүзеге асыруға кез келген авто өндірушісінің қауқары жете бермейді. Mercedes-Benz өзіндік технологияны дамыту үшін LG компаниясымен келісімге қол қойды.

LG неміс автосында қолдануға болатын технологияны өндіре алатын жетекші компаниялардың бірі. Оңтүстіккорейлік компания Mercedes-Benz өніміне айналаны видео таспаға жазып алатын инновациялық камераларды дайындайтын болады. Себебі айналаны бағдарлау автономды басқарылатын автомобиль үшін өте маңызды.

Естеріңізге сала кетсек, аталған көлік технологиясымен Google және Audi компаниялары айналысып келеді. Одан бөлек Сингапурда жүгізушісіз қозғалатын таксилердің пайда болатыны туралы да жазған болатынбыз.

Сурет: www.carsbase.com