Жаңа «Mercedes-Benz AMG GT» спорттық көлігі құпияға толы. Сапасы жағынан модель «Porsche 911» көлігімен қатар аталады.
Mercedes-AMG GT көлігі барлық көлік сату орталықтарында базалық және S жабдықтамасымен сатылады. Базалық нұсқасының массасы – 1540 келі, ал S модификациясы 1570 келіні құрайды.
Екі спорттық көліктің де соңғы ойлап табылған V8 қозғалтқышы бар. Мұнымен қатар қозғалтқышқа екі бірдей турбо үрлегіш орнатылған. Көлемі – 4,0 литр.
Mercedes-AMG GT көлігіне 462 аттың күші және 600 Нм айналу тиесілі. Ал AMG GT S нұсқасында 510 ат күші мен 650 Нм бар. Бұдан өзге «Спорт», «Спорт плюс», «Үнемдеу», «Индивидуалды» деп аталатын 4 режиммен жабдықталған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.kz