Алғашында тек күнделік дәптері болды. Арада көп уақыт өтпей жатып блогтар мен видеоблогтар, тіпті, микроблогтар қатарға қосылды. Енді міне блогосфера сахнасына лайфлоггингтер келіп отыр.
Лайфлоггинг деген кімдер? Жай ғана өмірінің әр сәтін секунд, минутына дейін қалдырмай камераға түсіріп жүретін адамдар. Және ерекше күнді ғана екшеп қоймай, өмір сыйлаған әр сәтті сақтап отыратындар.
Балалық шақтың әр іс-қимылы назарда болмақ. Өткен жылдың 22 наурызы болсын немесе он жыл бұрынғы тамыз айының он бесінші жұлдызы болсын - бәрісін-бәрісі есте қалмақ. Ол үшін бағасы бар-жоғы 250 доллар тұратын кішігірім "Memoto" камерасын сатып алыңыз. Бүкіл ғұмырыңыз электронды дүние ішінде жаңғырып, жанға жайлы жылу сыйламақ.