McDonald's құмарлары Burger King туиттерін бұзды

Америкалық Burger King фаст-фуд желісінің туиттер микроблогы хакерлер шабуылына тап болды, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар. 

Астана уақытымен сағат 23.00 шамасында туиттердегі Burger King логотипі оның бәсекелесі McDonald's корпорациясының белгісіне ауысып кеткен. Осы жағдайдан соң, блогта қолданушылар арасында Burger King желісі McDonalds корпорациясына сатылып кетті деген хабарламалар да пайда бола бастаған. Бір сөзбен айтқанда, жұрт орын алған жағдайды еш түсінбеген. Оған қоса, әлі күнге дейін Burger King компаниясының атынан ресми мәлімдеме немесе түсініктеме жасалған жоқ. 

Айта кетейік, Burger King желісінің құрамына әлемнің 75 елінің 12 мыңдай мейрамханасы кіреді. Оның жылдық табысы 1,5 миллиард долларды құрайды екен. Ал McDonald's корпорациясы 1940 жылы ағайынды Дик пен Мак Макдональдтардың бастамасымен құрылған еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: aktau-site.ru