- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Mazda 6...
Mazda 6
Жапон автокөліктері біздің тұтынушыларға ұнамды, оған дәлел ретінде көшеге шығып, әрбір үшінші көліктің эмблемасына қарасаңыз жеткілікті. Сезіп тұрған шығарсыз, әңгімеміз жапондық көлік жайлы болмақ. Жаңа Mazda 6 алдыңғы ұрпаққа қарағанда жеңіл, осының салдарынан көліктің динамикасы мен отын үнемдеу көрсеткіштері өскен. Жаңа 2,5 л қозғалтқыш бұрын қондырылған 2,3 л-ге қарағанда, отынды үнемдейді.
Сіздің алдарыңызда жаңартылған Mazda 6. Осы үлгі соңғы тенденциялардан қалыспағандықтан, өлшемдері үлкейген. Мазданың биіктігі 5, ұзындығы 65, ал ені 15 мм-ге өскен. Оған қоса «дөнгелек базасы» деген графаға «+15 мм» деп батыл жаза аламыз. Осы көліктің бір таң қалдырарлығы: өлшемдері өскенін айтпағанда, қосымша құрылғылар орын тапқан, ал салмағы болса, 35 келіге азайған. Осыған ұқсас жетістіктерге Хиросиманың инженерлері MX5 пен Mazda 2-ні құрастырғанда қол жеткізген болатын.
Егер көліктің сыртқы келбеті жайлы әңгіме қозғасақ, бізде екі түрлі әсер туындайды. Бір жағынан қарасақ, жаңа Mazda 6 тегін жоғалтпаған сияқты, ал екінші жағынан қарасақ, бұл мүлдем жаңа автокөлік. Жаңа Mazda 6 Еуропа немесе АҚШ көліктерінің біреуіне де ұқсамайды. Кезінде роторлы қозғалтқышы бар RX7 үлгісін құрастырған, жобаның бас дизайнері Йоичи Сатоның айтуы бойынша жаңа Mazda 6 «жапондалу» процесінен толықтай өткен. Жаңа көлікті жобалау кезінде құрастырушылар «Жапон болудың уақыты келді» деген ұран ұстанса керек. Көлік шығарудағы осындай стратегия ұстанған, бәлкім, дұрыс та шығар. Өйткені, бір-біріне ұқсас көліктерді шығаратын көлік өндірушілер өзіндік стильді жоғалтқандықтан, өніміне деген сұраныс күннен күнге азайып бара жатыр. Не болғанда да, әрқашан жапондық көліктерге тән динамикалық, әрі минималистік стиль, біздің тұтынушыларымыздың көңілінен шығады. Көзге оттай болып көрінетін құрылғылар панеліндегі үш желдеткіш саңылаулардың жоқтығын көлікке мінгенде бірден байқайсың. Өкінішті-ақ, Хиросималық көлік өндірушінің бәсекелестерінен ерекше ететін айрықша белгілердің бірі болатын. Бірақ, құрастырушылар панельдің бүйіріндегі дөңгелектерге тиіспеген. Егер көлікті асықпай, зейін қойып зерттеп, барлық пернелерге бассаң, олардың бұрыңғысынан да сапалы әрі ұқыпты жасалғанына көз жеткізесің. Салондағы майда-шүйденің сапасын жақсарту үшін жапондықтар күні-түні еңбектенген көрінеді. Орындықтарды қаптап тұрған былғары да тегістелген секілді.
Көліктер 1,8 (120 л.с.), 2,0 (147 л.с.) және 2,5 л (170 л.с.) қозғалтқыштармен жабдықталады, соңғы мотор 2,3 л нұсқаның орнын басқан. Оған қоса, жанармай тұтыну көрсеткіштері 100 шақырымға шаққанда 0,6 л-ге азайған. Ең қуатты көлік басқаларына қарағанда тек баспалдақсыз механикалық беріліс қорабымен жабдықталады. Егер сіз қалада жүрсеңіз, көліктің динамикасы жетерлік. Көліктің жылдамдығын 100 шақырымға жеткізу үшін моторға 8 секунд уақыт керек. Жаңа Mazda 6-ның сырты ғана емес іші де толықтай өзгерген. Көлік оңай басқарылып, жолда өзін тұрақты етіп көрсетеді. Көліктің құпиясы техникалық презентация кезінде ашылды. Көліктің қозғалыс бөлімі айтарлықтай өзгертулерден өткендігін, жапондықтар презентация кезінде мақтанышпен айтқан болатын. Мысалға алсақ, подвеска шанаққа екі қосымша нүкте арқылы бекітіліп қана қоймай, көлік арнайы қатқыл аммортизаторлар мен жоғарғы тұтқалардың тербелісін бейтарап ететін мехазимдермен жабдықталған. Бойлай орналасқан тетіктер сайлентблоктарының үлкейген диаметрі, көліктің артқы бөлігінің шорықтап жүрмеуіне кепілдік береді деген сенімдеміз. Рөл басқаруы электр күшейткішпен жабдықталғандықтан, көлік жылдамдығы өскен сайын басқару ауырлайды. Ең қызығы, RX8 үлгісінен алынған электр күшейткіштің көмегімен отын тұтыну көрсеткіші 2%-ға төмендеген.
Сатып алушының назарына шанақтың үш түрі ұсынылады. Жаңа ұрпақтағы үлгі хэтчбек седанға қарағанда, тым өзгеше. Екеуінің өлшемдері бірдей болғанына қарамастан, хэтчбектің төбесі купе шанағындағыдай өте байсалды көрінеді. Ал универсал шанағы болса, қосымша 75 мм-ге ұлғайып, үлгілер қатарындағы ең ұзын көлік болып шықты.
Ал енді көліктің бағаларына тоқталайық. Сатып алушының назарына Mazda-ның төрт жинақталу нұсқасы ұсынылады: Base, Touring, Sport, Luxury. Ең арзан қозғалтқыш көлемі 1,8 л көлік үшін 22 мың доллар төлесеңіз, ең қымбат жинақталудағы козғалтқыш көлемі 2,5 л болатын үлгіге 31 мың доллар төлеу қажет.
Mazda 6 нарықта үлкен табысқа жететініне күмән келтірмейміз. Өздеріңіз ойлап көріңізші, жаңа үлгі ешбір басқа көліктерге ұқсамайды. Өзіндік ерекше стилі бар.
Подвесканы күшейту мен шанақты жаңартудың арқасында жаңа Mazda 6 жол бойында шұғыл маневрларда өзін сенімді сезінеді. Жаңартылған құралдар панелі өте заманауи стильде орындалғанына қарамастан, пластиктің сапасына үздік баға бере алмаймыз. Бәсекелестеріне қарағанда, Мазданың ішкі кеңістігі 5 адамға жетеді. Сапалы болаттан жасалған шанақ қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, Euro NCAP тестілерінде 5 жұлдызға қол жеткізген. Артықшылықтар қатарына басқарудың мінсіздігі мен салонның жайлылығын жатқызып қана қоймай, көз тартарлық дизайн жайлы ұмытпағанымыз жөн.
Суреттер avtoinomar.ru сайтынан алынған