Manta 7X – батырмасы жоқ смартфон

Қытайдың техно өнімдерін құрастырушылары әлемді таң қалдыруды жалғастырады. Жуырда қытайлық азамат желмен жүретін көлік шығарғанын, кеше зейнеткердің роботтық құрылымға ие жылқы жасағанын жазған болатынбыз. Ал Қытайдың мобильді гаджеттерді құрастырушы өндіріс орталықтары жоғары техникалық мінездемесіне ие смартфондарды арзан бағамен шығаруды жалғастырады.

Мұның жақсы бір дәлелі – Manta 7X смартфоны. Аталған өнімнің техникалық мүмкіндіктері жоғары, дегенмен бұл ең маңыздысы емес. Басты ерекшелігі оның корпусында ешбір физикалық батырманың жоқ екендігі болып отыр. Айта кетсек, дәстүрлі камера, дыбысты баптау, басты бетке оралу және қуаттау батырмалары жасалмаған.

Ендеше тұтынушылар бұл девайсты қалай пайдаланбақ? Расында ол еш қиындық тұдырмайды. Қытай инженерлері смартфонның ескі элементтерін жаңа аналогтарына ауыстыра білген. Физикалық батырмалардың орнын қосымша сенсорлы панельдер алыпты. Жаңаша бағытпен өзгерген аппараттың құрылымы бұрынғыдай істей бермек. Тек гаджеттің функционалды алгоритмі өзгерген.

Ал техникалық жағына мән берер болсақ, Manta 7X  1080р мүмкіндігіне ие 5,5-дюймді экранмен қамданған. Смартфонның дисплейін Sharp компаниясы жасаған және оның түс беру функциясы жоғары сапаға ие.

200-грамды смартфонның процессоры – 4-ядролы Qualcomm Snapdragon 801 чибі. Ал платформа 2,5 ГГц жиілікте жұмыс істейді. Одан бөлек, жаңа гаджеттің жедел жадысы 2 ГБ, ал қосалқы жадысы 32 ГБ болып табылады. Өнімнің екі камерасы да 13 МП-ді Sony IMX214 сенсорымен жабдықталған.

Тағы да қоса кетсек, Manta 7X IP55 стандартына сай су мен шаңды өткізбейтін құрылымға ие. Және бармақ ізін анықтау мен LTE баптау функциялары жұмыс істейді. Ал оперативті жады ретінде Android 4.4.4 KitKat нұсқасының фирмалық M07 OS аналогы қолданылған.

Қытайлық компания ұсынған жаңа гаджеттің шығу уақыты әзірге белгісіз. Экспортқа шығатын құны 652 АҚШ долларына бағаланып отыр.

Сурет: tech.china.com

Оқи отырыңыз:

Microsoft өз бәсекелесіне $70 миллион инвестиция құймақ

Google-дің жаңа гаджеті қатерлі ісіктің алдын алады

Opera браузері жаңа атпен шығады

Билл Гейтс жасанды сананың дамуына қарсы