Mail.ru интерфейсі қазақшаланбақ

Mail.ru интерфейсі қазақшаланбақ

Mail.ru интернет-сервисі өзінің интерфейсін барлық ТМД елдері тілдеріне аударуды жоспалауда деп хабарлайды CA-NEWS. 

Стратегиялық жобалар жөніндегі Mail.ru Group вице-президенті Анна Артамонованың мәлімдеуінше, мұндай басымдыққа бұрынғы Кеңес өкіметі елдері ие, әсіресе, бірінші кезекте Беларусь пен Қазақстан елдері. 

Ағымдағы жылдың сәуір айында Mail.ru өз интерфейсін өзбек және украин тілдеріне ауыстырған еді. Сонымен қатар жақында пошта жәшігін қазақ тіліне ауыстыруға болатын мүмкіндік жасау да жоспарлануда. "Енді біз аударуды үйрендік, арнаулы құралдарымыз да бар, сондықтан енді біз желіні әлемнің кез келген тіліне аудара аламыз", - дейді Артамонова.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын маркетинг және стратегиялық байланыс жөніндегі Mail.ruGroup бизнес-бөлімшесінің директоры Александр Изряднов 2012 жылы  "Одноклассники" әлеуметтік желісінің қазақша нұсқасы жарық көретін болады деп хабарлаған болатын. 

Сурет: iport.kz

Ж. FM