Велосипедке арналған түрлі өзгерістер жасау, жабдықтау әлі күнге дейін жан-жақты дамып келе жатқан сала. Себебін айтпаса да түсінікті. Техника дамыған сайын адамның бір орында тұрақтап қалуы қателік болар еді. Lumos стартап жобасы өзінің ерекше жаңалығын бөлісіп отыр.
Велосипедтің өзіне жабдықталуы керек тоқтату жүйесі, тежегіш жарығы деген секілді түрлі жарықтандыру аппараттарын бас киімге орналастырған. Бұл біріншіден артта және алдыда келе жатқан көлік басқа да қозғалыс күші үшін анық көрінетін болады. Яғни жол апатынан сақтанудың алдын алады.
Бас киімге жарық беру жүйелері орналастырылған. Ал оның тікелей тапсырма алу көзі екі жақты рөлге орналастырылған. Батырманы басып қана сіз басыңыздағы бас киімнің жарықтарын іске қоса аласыз. Мәселен солға бұрылу кезінде сол жақтағы батырманы бассаңыз, бас киімнің сол жақ бұрышындағы жарық іске қосылады. Ал тежегіш бассаңыз бас киімнің артындағы қызыл түсті жарық өздігінен іске қосылатын болады.
Аталған бас киім жаңбырлы күндері де сізге өз пайдасын тигізеді. Яғни бас киімге су тиге кезде ондағы су өткізбейтін жүйе іске қосылады. Бас киім кәдімгі USB порталы арқылы 2,5 сағат ішінде қуат алады. Қуат көзінің шамасы 3-4 күнге жетеді.
Аталған бас киім ендігі біраз жүлденің сертификатын алып үлгерген. Ал бас киімнің нарыққа шығуына Kickstarter орталығы өз көмегін тигізген. Бүгінге дейін 125 мың доллар пайда тауып үлгерген. Ал бас киімнің жалпы нарықтағы бағасы 170 долларды құрайды.