Lexus компаниясы болашақта BMW M3 көлігіне бәсекелестік тудыра алатындай LF-CC купесін дайындап жатыр.
Бұл компанияның патенттік ұйымға берген өтінішінен кейін белгілі болып отыр. RC F моделі деп көрсетілген құжаттағы C әрпі модельдік купе болатындығын, ал R көліктің модификациясы спорттық болатындығын көрсетіп тұр. Көлік қазірдің өзінде толық патенттеліп үлгерді.
Әзірге Lexus RC F моделінің техникалық қыр-сыры ашып көрсетілмей отыр. Белгілісі Lexus LF-CC купесінің 6 цилиндрлі, 3,5 литрлі қозғалтқышы болмақ. Одан бөлек, оған 340 ат күші бар электр моторы да орнатылмақ. Салон іші толықтай табиғи теріден көмкерілген. Беріліс қорабы типтроник түрінде. Оған қоса, көлік спорттық режимде жұмыс жасайды.
Көлік 2015 жылы нарыққа жол тартады деп жоспарланған.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru