CES 2013 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылған, көптен күткен Lenovo – K900 жаңа смартфоны сатылымға түсті. Мамандар супер-смартфон деп атаған құрылғы Android операциондық жүйесімен, PowerVR SGX 544MP2 графикасымен, 2 ГБ оперативті жадымен, екі ядролы, жиілігі 2 гигагерц болатын Atom Z2580 процессорымен жабдықталған.
Смартфон Full-HD мүмкіндіктегі 5,5 дюймды IPS-экранымен жабдықталған. Оның корпусы да басқаларына қарағанда едәуір жіңішке (6,9 иллиметр).
Телефондағы бағалы экранды Gorilla Glass 2 әйнегі жауып тұрады. Ал артқы жағында 13 мегапиксельді Sony сенсорлы камера орналасқан. Lenovo смартфонды тамаша оптикамен қамтамасыз еткені көрініп-ақ тұр. Камера ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тамаша суреттер түсіре алады. Яғни сапасы еш бұзылмайды. Оған қоса смартфондағы 2 мегапиксельді фронтальды камера да біраз жетілген. Мысалы, енді ол 88 градусқа дейінгі аралықты суретке түсіре алады. Бұл дегеніміз дәл осындай класстағы камералар үшін рекордты көрсеткіш.
K900 әзірге Қытай нарығында ғана саудаға шығарылып отыр. Ал жаз айының ішінде ол әлемнің түкпір-түкпіріне тарамақ. Ал бағасына келсек, осы класстағы телефондар үшін қымбат емес. Ол 540 доллардан аспайды.
Құрылғының негізгі мінездемелері:
ОЖ: Android 4.2 Jelly Bean Дисплей: 5.5'' Full HD (1920 х 1080, пиксель тығыздығы ~401 ppi) Процессор: Intel Atom Clover Trail+ (Z2580), екі ядро, 2.0 ГГц Негізгі камера: 13 МП Sony Exmor Image Sensor (жарық күші 1,8) Фронтальды камера: 2,0 МП Жедел жады: 2 ГБ Память: 16 ГБ, microSD есебінен 64 ГБ дейін 3G: UMTS 1900/2100 МГц 2G: GSM 850/1900 МГц Wi-fi: IEEE 802.11 b/g/n Bluetooth, USB v2.0 Аккумулятор: литий-ионды, 2500 мА*сағ Салмағы: 162 грам Қалыңдығы: 6,9 мм Түсі: сұр және қара
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadetblog.ru