Lenovo K900 cупер-смартфоны

Lenovo K900 cупер-смартфоны

CES 2013 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылған, көптен күткен Lenovo – K900 жаңа смартфоны сатылымға түсті. Мамандар супер-смартфон деп атаған құрылғы Android операциондық жүйесімен, PowerVR SGX 544MP2 графикасымен, 2 ГБ оперативті жадымен, екі ядролы, жиілігі 2 гигагерц болатын Atom Z2580 процессорымен жабдықталған. 

Смартфон Full-HD мүмкіндіктегі 5,5 дюймды IPS-экранымен жабдықталған. Оның корпусы да басқаларына қарағанда едәуір жіңішке (6,9 иллиметр). 

1

Телефондағы бағалы экранды Gorilla Glass 2 әйнегі жауып тұрады. Ал артқы жағында 13 мегапиксельді Sony сенсорлы камера орналасқан. Lenovo смартфонды тамаша оптикамен қамтамасыз еткені көрініп-ақ тұр. Камера ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тамаша суреттер түсіре алады. Яғни сапасы еш бұзылмайды. Оған қоса смартфондағы 2 мегапиксельді фронтальды камера да біраз жетілген. Мысалы, енді ол 88 градусқа дейінгі аралықты суретке түсіре алады. Бұл дегеніміз дәл осындай класстағы камералар үшін рекордты көрсеткіш.

2

K900 әзірге Қытай нарығында ғана саудаға шығарылып отыр. Ал жаз айының ішінде ол әлемнің түкпір-түкпіріне тарамақ. Ал бағасына келсек, осы класстағы телефондар үшін қымбат емес. Ол 540 доллардан аспайды.    

Құрылғының негізгі мінездемелері:

  • ОЖ: Android 4.2 Jelly Bean 
  • Дисплей: 5.5'' Full HD (1920 х 1080, пиксель тығыздығы ~401 ppi)
  • Процессор: Intel Atom Clover Trail+ (Z2580), екі ядро, 2.0 ГГц
  • Негізгі камера: 13 МП Sony Exmor Image Sensor (жарық күші 1,8)
  • Фронтальды камера: 2,0 МП
  • Жедел жады: 2 ГБ
  • Память: 16 ГБ, microSD есебінен 64 ГБ дейін
  • 3G: UMTS 1900/2100 МГц
  • 2G: GSM 850/1900 МГц
  • Wi-fi: IEEE 802.11 b/g/n
  • Bluetooth, USB v2.0
  • Аккумулятор: литий-ионды, 2500 мА*сағ
  • Салмағы: 162 грам
  • Қалыңдығы: 6,9 мм
  • Түсі: сұр және қара

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadetblog.ru

Б. Қосмағамбет