- Негізгі бет
- Шолу
- Lenovo K900 —...
Lenovo K900 — Intel Atom процессоры базасындағы Android-смартфоны
Lenovo компаниясы жақында Lenovo K900 аталған смартфонын жарыққа шығарды. Смартфон Intel Atom Z2580 процессоры негізінде және Clover Trail+ базасында жұмыс жасайды. Қазіргі кездегі ақпараттар бойынша, құрылғы биылғы жылдың сәуір айында жарыққа шықпақ.
Бірінші боп Қытай нарығына сатылымға шығатын смартфонның 2 ГБ оперативті және microSD есебінен толығатын 16 ГБ флеш-жады бар. Телефон Sony Exmor BSI сенсорлы экранымен және 13-мегапиксель камерамен жабдықталған.
Lenovo K900 смартфоны Android 4.1.2 Jelly Bean ОЖ негізінде қызмет атқарады. Ал оның бағасы 483 долларды құрамақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: tphp.ru
Б. Қосмағамбет