Lada Samara седаны енді шығарылмайтын болды

"АвтоВАЗ" седан кузовымен жасалған Lada Samara көлігін құрастыруды тоқтатады. Бұл туралы автоөндіруші компанияның маркетинг басқармасының басшысы Александр Бредихин айтты.

"Lada Samara седанының өндірісі 2012 жылдың аяғында толғымен тоқтайды. 2013 жылы Ресей нарығында тек 2012 жылы шығарылған седандар қалатын болады. Ал Lada Samara хэтчбектерінің өндірісі 2013 жылдың соңына дейін жалғасады. 2014 жылы Lada Samara көліктерінің барлығы өндірістен шығарылады. Бұлардың орнын әлдеқайда қауіпсіз және сапалы Lada Granta көліктері басатын болады", - деді Бредихин.

Айта кетелік, қазіргі кезде "Самара" 3 түрлі кузовты нұсқада сатылып жатыр: седан, үш есікті және бес есікті хэтчбек. Төрт есікті модификация "Стандарт" және "Люкс" комплектацияларында ұсынылған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: zr.ru