Оңтүстіккорейлік техноөндірісінің алыбы G3 флагманды смартфонына аналог бола алатын екі смартфон шығарғаны туралы ресми сайтында хабарлады. Компания басшылығы жаңа өнімнің бағасы түпнұсқасынан әлдеқайда төмен болатынына, ал сапасы сын көтере алатынына сенімді болып отыр.
LG L Fino және LG L Bello деген атауға ие болған смартфондары LG G3 флагманының тура көшірмесі болған. Дегенмен, оперативті жадысы және сыртқап сапасы жағынан оған жетпейді.
Сонымен, L Fino аппараты 4,5-дюймді IPS-дисплейге ие экранмен жабдықталған. Сондай-ақ, 1,2-ГГц төртядролы процессормен, 1 Гбайт оперативті жадысы және 3G байланыс модулімен көмкерілген. Жаңа аппараттың 8 Мпикс/0,3 Мпикс сапаға ие алдыңғы және артқы камералары бар.
L Bello шамалы үлкендеу экранға ие болған (5 дюйм). Қалған жабдықтары L Fino аппаратымен дерлік бірдей. Екі смартфон да Android 4.4 KitKat платформасында жұмыс істейді.
L Bello және L Fino әр түрлі түспен көмкеріледі. Ал бағасы туралы әзірге ақпарат жоқ. Дегенмен, құрастырушылардың айтуына қарағанда, шамамен G3-тен үш есе арзан болады деп күтілуде. Толығырақ ақпарат ағымдағы жылдың 9 қазанында өтетін IFA 2014 электроника көрмесінде жарияланады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: hi-tech.mail.ru