Оңтүстіккореялық тұрмыстық электроника өндіруші компания сатылым деңгейі төмендеп бара жатқандықтан алдағы уақытта плазмалық теледидарлар (PDP) шығармайтын болады, деп хабарлайды YonhapNews сайты.
«Қазір біз PDP-бизнесіне қатысты мәселенің айналасында ішкі талдау жасап жатырмыз. Ал бұл туралы ақпарат ресми түрде кейін жарияланатын болады», – дейді LG Home Entertainment Хьюн-хвой Ха (Hyun-hwoi Ha) бөлімінің басшысы.
Плазмалық өнімдерден бас тарту шілде айынан басталған болатын. Компания аталған өндіріс саласын 2014 жылдың қараша айында толық аяқтамақ. Содан кейін, тек химиялық және электронды материалдарын шығаруды жалғастыратын болады. Сондай-ақ, энергетикалық бизнесіне де көптеп көңіл бөлмек.
IHS сарапшыларының есебі бойынша, 2014 жылдың бірінші маусымында плазмалы теледидарларға деген сұраныс өткен жылдың статистикасына қарағанда 16 пайызға түсіп кеткен. Ал DisplaySearch сараптамалық агенттігінің пайымдауынша, келесі жылы IT-нарықтағы теледидарлардың саны екі есеге азайып кетпек.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: english.yonhapnews.co.kr