LG компаниясы Optimus GJ смартфонын таныстырды

LG компаниясы ресми түрде өзінің тұңғыш су және шаң-тозаңнан қорғайтын Optimus GJ смартфонын таныстырды. Смартфонның қорғаныс дәрежесі - IP57. Бұл дегеніңіз девайс тереңдігі 1 метр су астында 30 минутқа дейін бола алады деген сөз. Девайстың қасиеттері бұрынғыларына өте ұқсас. Құрылғы көбінде Optimus G смартфонының қызметтерін қайталайды.
Жаңа смартфон жиілігі 1,5 ГГц болатын, төрт ядролы Snapdragon S4 процессорымен жабдықталған. Онда 2 ГБ оперативті жады және Adreno 320 қуатты графикасы бар. 4,7-дюймды True HD IPS PLUS дисплейі 1280 x 768 пикселді (320 ppi) мүмкіндікке ие. Ол in-cell технологиясымен жасалған. Аккумулятор сыйымдылығы - 2280 мАч. 

LG Optimus GJ екі камерамен жабдықталған. Негізгі камерасы f/2.4 объективті және ол 13-мегапиксельді. Фронтальдысы 1,3 мегапиксельді. Жаңа құрылғының негізгі жады 16 ГБ. Карта көмегімен ол 64 ГБ дейін ұлғая алады. Сондай-ақ ол Wi-Fi, Bluetooth 4.0 LE, A-GPS және NFC технологияларын қолдай алады. 

Құрылғының габариттері: 136,9 х 68,9 х 9,9 мм (Optimus G габариттері одан сәл кішкене болған еді: 131,9 x 68,9 x 8,5). Смартфон Android 4.1.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен жабдықталған. LG Optimus GJ осы жылдың маусым айында қара және қызыл түсте шамамен 600 доллар бағамен сатылмақ. Смартфон әзірше Тайваньда сатылатын болады. Оның әлемдік нарыққа қашан шығатыны жөнінде нақты ақпарат жоқ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: technosamigos.com