LG компаниясы танымал "Оптимус" сериясының екі бірдей F5 және F7 модельдерін таныстырды. Олардың екеуі де бірдей 4G LTE желісінде жұмыс жасай алады. Нарықтағы бағалары әзірге белгісіз.
Optimus F5 - 4,3’’ өлшемдегі дисплейге ие. IPS технологиясы бойынша жасалған ол 1,2 ГГц жиіліктегі, екі ядролы процессормен жабдықталған. Аккумулятор көрсеткіші - 2 150 мА*сағ. Ал LG Optimus F7 болса, оның экраны үлкенірек - 4,7 дюйм. Оған орнатылған екі ядролы процессоры да жылдамырақ - 1,5 ГГц. Аккумуляторы қуаты - 2 540 мА*сағ. Екі телефон да Android 4.1.2 операциондық жүйесімен жұмыс істейді.
Optimus F5 ағымдағы жылдың екінші жартысында сатылымға шықса, Optimus F7 одан бір айға кешігіп дүкен сөрелерінен көрінетін болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: engadget.com