Әлемнің көптеген техно гаджет өндірушілері түрлі титулды иемденуге үнемі таласып келеді. Бүгінде смартфондар нарығындағы ең жұқа өнім ретінде танылу да маңызды болып отыр. Инновациялық технологияның арқасында өндіруші компаниялар смартфондардың көлемін 0 мм-ге дейін жеткізуі әбден мүмкін.
Расында рекордтық көрсеткішке жеткен өнімдер дүкен сөрелеріне түсіп үлгермей, оған аналог пайда болады. Бәсекелестікке қабілетті болу деп осыны айтса керек. Vivo гаджетімен де осы сынды жағдай орын алған.
Осыдан біраз уақыт бұрын ең жұқа өнім ретінде Vivo X5 Max гаджеті есептелетін еді. Оның ені небәрі 4,75 мм болатын. Осы ерекшелігімен тұтынушыларның қызығушылығын тудырған смартфонға да бәсекелес табылды.
Қытайдың Coolpad компаниясы Vivo X5 Max смартфонына бақталастық тудырмақ. Айта кетсек, оның Ivvi бренді ерекше қырымен қөзге түсіп отыр. Ол корпусының жұқалығымен ерекше девайс ретінде танылмақ. Ені бар жоғы — 4,7 мм.
Екеуінің енінде айтарлықтай алшақтық жоқ. Дегенмен бұл қырын жарнама агенттері соңына дейін жеткізе алады.
Әзірге Ivvi смартфонының нақты техникалық мінездеме берлімеді. Өнімнің 4,7-дюймге ие болатынына байланысты тек тизер ғана жарияланған.
Сурет: www.gsmarena.com
Оқи отырыңыз:
LG G Flex 2 смартфоны ресми сатылымға қашан шығады?
Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?
2014 жылы ең көп сатылған смартфондар