Бүгін Алматыда «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013» төртінші аймақтық ортаазиялық форумы басталды.
Интернетке қатысты бұл форум осымен төртінші рет өтуде. Форумға Германия, Ресей, Грузия, Украина, Литвада, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген сарапшылар қатысады. Әрине отандық мамандар да жеткілікті.
Бізге ең қызық болып көрінген "Желідегі контенттің дамуы. Интернет және бизнес" сессиясы болды. Сессия модераторы – MediaNet ХЖО жоба менеджері Дінмұхамед Зиядин.
Бұл сессияға Константин Горожанкин, Диана Окремова, Жалғас Ертай, Садық Шерімбек, Нұрлан Құлымбетов, Нартай Әшім, Андрей Каткенов қатысты.
"Қазақстандық Интернеттің ақшасы қайда? Қазіргі жағдай, тенденциялар және бос орындар" тақырыбымен Istartup қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин (Алматы) шықты.
Оның ойын Qazaq Media компаниясының басшысы Жалғас Ертай (Алматы) жалғастырып, "Қазақстандық интернет-бизнес. Қазақтілді ресурстардың монетизациясы: тенденциялар және проблемалар" тақырыбында сөз қозғады.
"Қазақтілді контенттің анализі" атты тақырыппен блогшы, BIKTV интернет-арнасының негізін қалаушы Садық Шерімбек (Шымкент) сөз сөйледі.
"Қазақ тіліндегі сайттардың Интернетте бизнес ретінде дамуы" презентациясымен AppleSin компаниясының бас директоры Нұрлан Құлымбетов (Шымкент) ойын ортаға салды.
"Қазақтілді контенттің даму мүмкіндіктері" жайлы «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Нартай Әшім (Астана) айтып өтті.
"Тәжнеттің топ 10 сайты және Тәжікстандағы ақпараттықресурстардың дамуы" тақырыбымен Тәжікстан Интернет қолданушылары ассоциациясының атқарушы директоры Андрей Каткенов (Тәжікстан) сөз алды.
Шара «Достық» қонақ үйінде, «Алатау» және «Арна» конференц-залдарында өтуде. Форум ертең де жалғасады, қатысамын деушілерге кіру тегін.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова