2014 жылдың 26 мамырында Intel және Lenovo корпорациялары ең соңғы үлгідегі оқушылар мен колледж студенттеріне арналған әмбебап құрылғысын Алматы қаласында таныстырды. Екі қызметті бір өзі атқаратын құрылғы планшет жұмысының артықшылығы мен жеке компьютердің өнімділігін ең мықты сипаттамаға сай етіп жинақтап құрастырған.
Lenovo Miix 2 10” планшеті 10 дюйм. Ол Intel® Atom™ Z3740 база процессорымен жұмыс істейді және док-станция пернетақтасымен қамтылған. Төрт ядролы процессор әмбебапқа веб-парақшасын ашуға, электронды кітаптар мен түрлі оқыту ресурсын тез, әрі оңтайлы етіп жүктеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар берілген ұсыныстың ішіне Кәсіптік Windows 8.1 мен Кәсіптік Office-тің 2013 жылғы нұсқалары кіреді.
Планшеттің жады 2 Гб, басты камерасы 5 мегапиксель, ал маңдай алдында 2-МП веб-камерасы, microUSB-і мен microSD карта жады бар. Планшет қалыңдығы 9.2 мм, соған қарамастан салмағы 590 грамм. Одан бөлек, 450 граммдық сыртқы пернетақтасы бар. Құрылғыны алып-салмалы док-пернетақтасы арқылы дереу ноутбукке айналдырса болады. Пернетақта магнитті бекіткіштерімен бекітіліп, қосымша JBL секілді қуатты динамикамен және жарты көлемді USB портымен жабдықталған. Lenovo Miix 2 10” құрылғысының басты жетістігі ретінде қолданушы 8 сағат бойы планшетті қуаттандырмай еркін пайдалана алады.
Оқушылар мен колледж студенттеріне арналған әмбебап құрылғы
Intel корпорациясы инновация технологиясының қозғаушы күші ретінде оқыту мәселесі мен жас бүлдіршіндердің даму жағына аса көп назар аударады. Қазақстанның Intel бизнесі бойынша директоры Аида Дәрменова: «Балалардың шығармашылық дамуы, ақпарат берушінің тәрбие жұмыстары – Intel-дің басты бағыты болып табылады. Осы жас ұрпақ өкілдерінен уақыт өте келе шебер ғалымдар мен ержүрек ғалым–новаторлар шығады. Сол себептен де біздер ата-аналарға 10 дюймді экраны бар, жеңіл салмақты және пернетақтамен жабдықталған арнайы құрылғы арқылы оқу жүйесіне қажет көптеген бағдарлама қолдануға кеңес береміз»,- деп айтып өтті.
Осы «Оқушылар мен колледж студенттеріне арналған әмбебап құрылғы» бағдарламасы бойынша жасалған планшетті «Технодом» дүкенінен 94 990 теңгеге ала аласыздар. Ұсынылған серіктестік (Intel, Microsoft және Lenovo) ҚР Білім және Ғылым Министрлігі елімізде 2011 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Оқытудың электронды жүйесі» бағдарламасына сәйкес жасалған. Ол білім беру сапасын көтеруге септігін тигізеді.
Қазақстан Microsoft корпорациясы білім саласын басқарушысы Жанар Рақымжанова: «Біз, Microsoft корпорациясы, сауаттандыруға және ХХІ ғасырда байланыс ақпараттандыру технологиясымен дамыту әдістерін оқу жүйесіне пайдалануға аса қатты көңіл бөлеміз. Болашақта 10 жылдың ішінде пайда болатын жұмыстың 80%-ы компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Болашақта осы оқушылардың еңбек нарығында бәсекелестік тудыра алатын шебер маман болуы үшін аталған жобаның пайдасы тиеді деген сенімдеміз»,- деп ерекше айтып өтті.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: "Intel" корпорациясының баспасөз қызметі