"Астана Моторс" КМК құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы үстіміздегі 2012 жылы сатылған көліктердің саны бойыншы рекорд орнатты. Соңғы 5 айда Hyundai маркалы 3203 дана автомобиль сатылыпты. Оның 830-ы сәуір айында қолды болса, 849 данасы мамырда халыққа жол тартты. Бұндай көрсеткіштер компанияның елімізде жұмыс істеп келе жатқанынан бері орын алып көрмеген екен. Халықтың көңілі әсіресе Hyundai Accent (2089 дана) пен Hyundai Elantra-ға (393 дана) ауыпты.
Hyundai Elantra Touring
Осылайша Hyundai Auto Kazakhstan соңғы 4 айдың нәтижесі бойынша (ресейлік компанияларды есептемегенде) елімізде жұмыс жасап жатқан шет ел өндірушілерінің арасында алдыңғы орынға шықты.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап компания 1 тоннаға дейінгі салмақты көтере алатын Hyundai Porter-дың өндірілу көлемін арттырды. Сонымен қатар, сәуір айында денсаулық сақтау министрлігіне Hyundai H-1 негізіндегі реанимобиль мен жедел жәрдем каретасын ұсынды.
Hyundai Auto Kazakhstan-ның сәуір айында Барселонада өткен Regional Excellence Award премиясында "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алғандығын айта кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: autosium.ru, road2.ru